Бөлшек сауда көлемі өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 11,8%-ға жоғарылап 1048,4 млрд.теңгеге жетті

АСТАНА. 14 мамыр. ҚазАқпарат - 2011 жылғы қаңтар-сәуірде бөлшек сауда көлемі өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 11,8%-ға жоғарылап 1048,4 млрд.теңгеге жетті,

деп хабарлады ҚР Статистика агенттігі.

Ағымдағы жылғы сәуірде 2010 жылғы сәуірмен салыстырғанда тауарларды бөлшек саудада өткізу көлемі 11,4%-ға жоғарылады.

2011 жылы қаңтар-сәуірде сауда кәсіпорындары арқылы тауарларды өткізу көлемі 2010 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 566,2 млрд. теңгеге жетті немесе 8,1%-ға артық.

Сауданың базарлармен және жеке кәсіпкерлермен тартымдылығы халықтың сатып алушылық белсенділігінің әлі де маңызды болып қалуында. 2011 жылғы қаңтар- сәуірде осы арнада өткізу көлемі өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 16,5%-ға жоғарылады, аталған өткізу арнасының үлесі бөлшек сауданың жалпы көлемінде 46%-ды құрады.

Бөлшек сауда тауар айналымы құрылымында азық-түлік емес тауарлар басым (бөлшек сауданың жалпы көлеміне 63,6%). Азық-түлік емес тауарлардың бөлшек саудада өткізілуі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,6%-ға, азық-түлік тауарлар - 14,2%-ға ұлғайды.