«Мұздақтар ақырындап еріп жатыр. Орталық Азиядағы тау шыңдарындағы мұз қоры соңғы 40 жылда 25 пайызға азайды. Өкініштісі, 6-10 жылда су ағысы еріген мұз есебінен көбейіп, арна толып ағуы мүмкін. Содан кейін мұздардың айтарлықтай «жұқарғанын» көретін боламыз», - дейді С.Ибатуллин.
Оның бұл болжамына сүйенсек, осы қарқынмен Сырдария 10-12, Амудария 10-15 пайызға азаяды.
«Бұл 50-70 жылға арналған болжам», - деп нақтылай түсті ол сөзін.
Сонымен қатар, ол жер-су ресурстарының тозып бара жатқанын, биоалуандылықтың жоғалып бара жатқанын айтты.