Болжам: Эбола вирусы Ресейге 24 қазанда жетуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сарапшылар Ресейде Эбола безгегін бірінші жұқтыру ықтималдығына байланысты болжам жасады. Олардың мәліметтері бойынша, вирус 24 қазанда жұғады деген қауіп 1 пайызды құрайды, ал 24 қазанға қарай оның жұғу қаупі 5 пайызға жетеді. Мұндай есеппен Бостонның Солтүстік Шығыс университетінің биологиялық және әлеуметтік жүйелерді модельдеу зертханасында бөлісті, деп хабарлады «Известия».

MoBS ғылыми қызметкері Марсело Гоместің сөзіне қарағанда, індеттің болу ықтималдығы Батыс Африка елдерінде безгекті жою бойынша шараларды қабылдамаған жағдайда ұлғая береді.

Сонымен бірге ол зертхананың болжамды тек 1-2 айға жасайтынын атап өтті. Себебі эпидемияға байланысты жағдайға түрлі факторлар, мысалы, безгек тараған елдерде денсаулық сақтау саласы жағдайының жақсаруы, халықаралық көмектің азаюы немесе көбеюі немесе авиациялық хабарламадағы өзгерістер әсер етуі мүмкін.

Вирус Ресейге әуе хабарламасы арқылы жетуі мүмкін. Маманның айтуынша, Ресей Федерациясы мен Батыс Африка арасындағы әуе хабарламасы Еуропаға қарағанда, бәсеңдеу.Сонда да ол жоқ емес, бар. Сондықтан денсаулық сақтауға жауап беретін Ресей ведомстволары Ресейге келетін жолаушыларға диагностика жүргізуге дайын болулары керек.