Бішкек қалалық ІІБ баспасөз қызметінің деректеріне қарағанда, кеше қас қарайған шақта сауда орталығының жанындағы аялдамадан күдікті чемодан табылған. Сағат 21.00 шамасында астаналық милицияға осы туралы хабар түскен.
Құқық қорғау органдары дереу сауда үйін қоршап, ҰҚК саперлерін шақырды. Оқиға орнына келген мамандар ешнәрсе таппады. Чемодан бос болып шықты, деп хабарлайды КирТАГ.