Дүйсенбі күнгі барлық әуе рейстері кейінге шегерілді. British Airways және Lufthansa әуе компанияларының қызметін пайдаланатын 16 мың жүргінші жолдан қалды.
Жарылмаған снаряд Темза өзенінде әуежайға жақын жерде жобалау-зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатқанда табылған. Әуе айлағы маңайында 214 метрлік аумақ жабылып, ондағы барлық адамдар эвакуацияланды.
Полиция сейсенбіде таңертең ұзындығы біржарым метр, салмағы жарты тонналық бомбаны судан алып шығуға уәде беріп отыр.