«Сенбі күні таңертең жолаушылардың бірі сөмкесінде жарылғыш зат бар деп мәлімдеді. Сол себепті, екі жүзден астам адам әуежайдан қауіпсіз жерге көшірілді. Тексеру барысында ешқандай күдікті зат табылмады. Бомба туралы хабарлаған жолаушы ұсталды», - деді префектураның баспасөз хатшысы Сейко Куйк.
Полиция қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Мұндай қылық үшін Эстонияда бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп жазды РИА Новости.