деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ең алдымен, өрт кезінде орын алған жағдайдың барлығы өздерінің (ред. - қаза тапқан үш азамат) қызметтік және әскери борыштарын өтеу мақсатында жасалғандығы түсінікті. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінде де өртке қарсы күрес қызметкерлерінің қаза табу себебін анықтау жөніндегі комиссия құрылды. Тексеріс нәтижелері ұсынылатын болады», - деді ол.
В.Крыловтың айтуынша, бамбапанада 1988 жылы сақтауға қойылған азаматтық қорғанысқа арналған арнайы жабдықтар, оның ішінде противогаздар мен жалпы әскери қорғаныс жинақтары (ОЗК) жанған. «Жарамдылық мерзімінің өтуіне байланысты олар жарамсыз деп танылып, 2010 жылы жойылуы тиіс болатын. Көміртек тотығымен улану қаупі жоғары болғандықтан, біз өрт шыққан күннің келесі күні маңайда орналасқан барлық оқу орындарындағы сабақты тоқтаттық», - деп қосты ол.
Айта кетейік, бүгінгі күні Астана қаласының аумағында барлығы 55 бомбапана орналасқан.