Жарыстың басты оқиғасы - Дрэг Рейсинг бойынша Ресей командасы өкілдері секілді арнайы қонақтардың келуі. Сайысқа Ресейден 7 көлік экипажы өтініш білдірген және солар қазақстандық чемпиондарға басты қарсылас атанып отыр. Сонымен бірге, шара қатысушыларының бірі - танымал «Сталь» каскадерлар тобы көрермендерді өздерінің ерекше бағдарламасымен қуантады. Көрермендер үшін күні бойы DJ Гладкий ән айтады.
Drag Racing Stadium компаниясы 2009 жылы құрылған болатын. Олардың басты мақсаты арнайы дайындалған комплекстер базасында спорттық және ойын-сауық шараларын өткізуге бағытталған.
Дрэг рейсинг - спринтерлік жүрістегі жарыс бәсекесі. Негізінен, дрэг-рейсинг жарысы тікелей жолдарда өтеді. Бұл жарыстың кеңінен таралған түрі - поршенді қозғалтқышты автокөліктер мен мотоциклдар жарысы болып табылады.