Боран Батыс сібірге қарай ығысып барады - ауа райы болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Боран мен қарды әкелген қазақстанның солтүстігіндегі циклон, Батыс сібірдің оңтүстігіне қарай ығысып барады. Ал біздің республиканың үстіне антициклон қалыптасты, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Соның әсерінен солтүстік, орталық және шығыс облыстарда түнгі температура 15 тен 28º аяз күтілуде. Бұл осы кезеңдік климаттық нормаларға жақынырақ. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда жауан-шашынсыз, түнгі аяз 10-20º ал түпкі оңтүстікте - 5º-ті көрсетеді. Ол енді әдеттегіден 2-5º төмен. Күндізгі ауа-райы еліміздің оңтүстігі мен батысында 0-5º, кей жерлерде 10º градусқа дейін жылынады.