Боран салдарынан бірқатар өңірлердегі жолдарда көлік қозғалысы қиындады

АСТАНА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - Боранға байланысты бірқатар өңірлер аумағындағы республикалық жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметінен хабарлады.

Ақмола облысы бойынша барлық автокөлік түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды:

- «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» жолының 232-260 шақырымындағы, Қостанай облысы шекарасы мен Сұрған аралығы;

-«Жақсы-Есіл-Бұзылық» а/ж 0-82 шақырымы аралығы;

-«Жезқазған-Петропавл» а/ж 377-595 шақырымындағы Қостанай облысының шекарасы мен СҚО шекарасы учаскесі;

-«Екатеринбург-Алматы» а/ж 856-990 шақырымындағы СҚО шек. - Атбасар шек.

Бұған қоса Астана қаласынан барлық бағыттар бойынша автокөліктер ұшін жол жабық.

Бүгін сағат 11:00-ден бастап «Көкшетау-Атбасар» автожолы ашылды.

Қостанай облысы аумағында «Жезқазған-Петропавл» жолының 252-377 шақырымындағы Карағанды облысы шекарасы мен Ақмола облысы шекарасы аралығында жол жабық.

Сонымен қатар Қарағанды облысы бойынша барлық бағыттарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Павлодар облысы бойынша мына жолдарда шектеу енгізілді:

-«Астана-Ерейментау-Шидерті» а/ж 205-259 шақырымындағы Ақмола обл. шек-Шідерті аралығы;

-«Қызылорда-Павлодар» а/ж 1135-1205 шақырымындағы Қарағанды обл. шек-Шідерті аралығы.