АСТАНА. ҚазАқпарат - Күшейіп келе жатқан боран салдарынан республикалық маңыздағы автокөлік жолдары жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақавтожол» РМК мәліметіне қарағанда, «Екатеринбург-Алматы» жолы бойынша Астана мен Теміртау аралығында көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұндай шараны қабылдауға боран мен көктайғақ себеп болды.
Сонымен қатар, бүгін түстен кейін Павлодар облысы аумағындағы «Омбы-Майқапшағай» автожолының 191-398 шақырымындағы Павлодар ауылы мен РФ шекарасы аралығында жол жабылды.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.