ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір аумағында бірнеше жол көліктің барлық түрі үшін жабық тұр.
«Ауа райының қолайсыздығына, нақты айтқанда боран соғып, жолдың дұрыс көрінбеуінен республикалық маңызы бар «Шемонаиха - Ресей Федерациясының шекарасы», «Герасимовка - Семей», «Қайсенов - Қалбатау» тасжолдарында көлік қозғалысына толықтай тыйым салынды», - делінген ақпаратта.
Осы ретте, облыстық ТЖД мамандары өңір жұртшылығына алыс жолға шығар алдында барынша абай болуға шақырады. Төтенше жағдай туындаған кезде бірден «112» телефон нөміріне қоңырау шалу қажет.