ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ауа райының нашарлауына, нақты айтқанда боран мен жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты өңірдегі тасжолдардың бірі жабылды.
«Республикалық маңызы бар «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» тасжолының 105-123 шақырымында (Шемонаиха қаласы мен Ресей Федерациясы шекарасының аралығы) көліктің барлық түрлерінің қозғалысына тыйым салынды», - делінген ақпаратта.
Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.