Боран, тұман, көктайғақ: Елдің екі аймағында ескерту жарияланды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарына бүгінгі күнге, 29 қаңтарға ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«29 желтоқсанда Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Дауылдың болу ықтималдығы 90-95%», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, синоптиктердің мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде боран болып, тұман түседі. Кей жерлерде шығыстан, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел тұрса, ал күндіз Жарма ауданында желдің ұйытқуы 25 м/с болады.