«29 желтоқсанда Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Дауылдың болу ықтималдығы 90-95%», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, синоптиктердің мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде боран болып, тұман түседі. Кей жерлерде шығыстан, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел тұрса, ал күндіз Жарма ауданында желдің ұйытқуы 25 м/с болады.