ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында боранға байланысты Атырау бағытындағы жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«ҚазАвтоЖол» ЖШС БҚО филиалының мәліметі бойынша 17 наурыз күні жергілікті сағат 22.30-дан бастап ауа райының нашарлауынан республикалық маңызы бар Атырау-Орал (492-189 км, Оралдан Атырау облысына дейін) атожолында барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.
Жабылу себебі – боран, күшті жел, жолдың нашар көрінуі.
Осыған орай БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялап, аса қажеттілік болмаса жолға шықпау керектігін жеткізді.
Сонымен қатар 18 наурызда облыстың солтүстігі мен Орал қаласында тұман түсуі ықтимал екендігі ескертілді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда облыстық жолдарда қозғалыс шектелгенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).