Боранға байланысты елімізде бірқатар жолдар жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде боранға байланысты бірқатар жолдарда қозғалыс шектетілді.

Ақмола облысында ауа райының құбылуына байланысты «Жезқазған-Петропавл», «Макинск - Ақсу - Торғай», «Екатеринбург - Алматы» жолында, «Ектеринбург - Алматы» жолдары барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс шектелді. Ақтөбе облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты 26 ақпан 19.30-дан бастап «Ақтөбе-Орск» жолының бойында барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс тоқтатылды. Қостанай облысында Жезқазған-Петропавл», «Арқалық-Торғай», «Әулиекөл-Жолдама» жолдары жабық.