Боранға байланысты елордадан шығатын барлық жол жабылды
15:19, 23 Наурыз 2022
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Боранға байланысты елордадан шығатын барлық жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Атап айтқанда, елорда әкімдігінің Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы өзінің Telegram каналында шаһардан шығатын бірқатар жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілгенін жариялады.
Бүгін мына жолдар жабылды:
- «Екатеринбор - Алматы» жолының Нұр-Сұлтан мен Атбасар аралығы;
- «Нұр-Сұлтан - Қабанбай батыр - Киевка - Теміртау» жолының усаскесі;
- «Нұр-Сұлтан – Қорғалжын» автожолы аралығы;
- «Екатеринбор - Алматы» жолының елорда мен Жібек жолы елді мекені аралығы.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Астанадан Щучинскіге және Павлодар облысына баратын жолдар жабылды.
Ауа райының нашарлауына байланысты астана маңына қатынайтын кей автобустар жүрмей қалды.