Боранға байланысты Нұр-Сұлтан мен Теміртау арасында жол жабылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты «Нұр-Сұлтан - Теміртау» тасжолы жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сенсек, бүгін 12 ақпан кешкісін Нұр-Сұлтан мен Теміртау арасын жалғайтын автожол жабылған.

Себеп - Нұр-Сұлтан қаласында және Қарағанды облысында қатты боран соғып тұр, жел жылдамдығы секундына 20 метрге жеткен.

Мұның алдында Алматы облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Үшарал-Достық» (84-184 км) және облыстық маңызы бар «Алматы-Өскемен» автожолының «Қапал-Арасан» (0 мен 45 шақырымы) және Қапал ауылына кіреберістегі 16 шақырым жол жабылған еді.

Еске сала кетейік, Қазақстанда ауа райы бұзылып, 11 өңірде ескерту жарияланды.