Таяуда қазақстандық боксшы өзінің твиттердегі парақшасында келесі қарсыласын жанкүйерлері атас деген тілек білдірген.
«Менің фанаттарым келесі жекпе-жекте кімді көргісі келеді?», - деп жазған болатын Головкин.
О'Салливан бұл твитке видео салып жауап берді. Онда ол қазақстандық боксшыны жекпе-жекке шақырды. Ол Головкинмен жұдырықтасқысы келетінін, оны соққыға жығатынын айтыпты.