Борис Джонсон Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі атанды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН – ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Борис Джонсон Ұлыбританияның премьер-министрі атанды. Ол Ұлыбританияның Консервативтік партия жетекшісін сайлауда жеңіске жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА The Guardian-ға сілтеме жасап.

Лондонныңбұрынғы мэрі негізгі қарсыласы Джереми Ханттан оза түсіп, Консервативтікпартияның қатардағы мүшелерінің 92 153 дауысын жинаған. Джереми Хантқапартияның 46 656 мүшесі дауыс берген. Сайлауға партияның 159 320мүшесінің 87,4% қатысқан.

Борис Джонсон сәрсенбіге дейін жұмысынаресми түрде кірісе алмайды. Тереза Мэй королеваға отставка жөнінде өтінішбілдірмес бұрын премьер-министр ретінде Қауымдар палатасында соңғы ретсауалдарға жауап беретін болады.

Кейін Борис Джонсон лауазымын растауүшін Букингем сарайына, артынан 10 нөміріндегі танымал қара есіктің алдында сөзсөйлеуге Даунинг-стритке аттанады.

Борис Джонсон әзірге қызметіне кіріскенжоқ, алайда сайлауға қатысуының өзі британиялық биліктің негізгі мүшелерініңарасында қарсылық туғызды. Олар Лондонның бұрынғы мэрімен жұмыс істегеннен гөріжұмыстан кетуге ниетті екендерін мәлім етті.

The Guardian ақпаратына сәйкес, олар Борис ДжонсонныңҰлыбриятанияны Еуропалық Одақтан шығару мерзімін тағы біршама уақытқа ұзартпай,31 қазанға белгілегеніне алаңдаулы.

Татьяна Кудренок


Соңғы жаңалықтар