Борис Ельцин өмірін Отанына қызмет етуге арнады және Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығын кеңейтуге көп еңбек сіңірді - Қазақстан Президенті

АСТАНА. 2 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшісі Зауытбек Тұрысбеков Ресейдің Тұңғыш Президенті Борис Ельциннің 80 жылдығына орай Наина Ельцинаға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан құттықтау хат табыс етті,

деп хабарлады елшіліктің баспасөз қызметінен.

Қазақстан Президенті Борис Ельциннің туған-туыстары мен жақындарына жолдаған құттықтауында, Ресейдің Тұңғыш Президентінің ерен еңбегі Достастық елдері мен алыс шетелдерде бұрыннан лайықты бағасын алып отырғанын айтып өтті. «Ол өз өмірін Отанына қызмет етуге, жаңа демократиялық Ресейдің қалыптасуына арнады, елдеріміздің арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және кеңейтуге көп еңбек сіңірді», - делінген жедехатта.

З.Тұрысбеков сондай-ақ «Ельцин және жаңа Ресей» тақырыбына арналған халықаралық конференцияға қатысты.