Борис Жапаров ҚР Президенті архивінің директоры қызметінен босатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Өкімімен зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Борис Әлікенұлы Жапаров Қазақстан Республикасы Президенті архивінің директоры қызметінен босатылды.

Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.