АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында ірі көлемде салық берешегі бар компаниялар мен заңды тұлғалардың тізімі жарияланады. Толығырақ Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аудит департаменті берешекпен жұмыс басқармасының басшысы Қайсар Арын айтып берді.
— Ол тізімге 150 айлық есептік көрсеткіштен асатын берешегі бар заңды тұлғалар кіреді. Сонымен қатар, берешегін 4 айдан астам өтемеген компаниялар енгізіледі. Одан бөлек 10 айлық есептік көрсеткіштен астам берешегі бар жеке кәсіпкерлер де аталған тізімге қосылады, — деп түсіндірді Қайсар Арын ведомствода онлайн өткен іс-шарада.
Кірістер комитеті өкілінің айтуынша, борышкерлердің мүлкін сату туралы ақпарат ашық аукцион өткізу кезінде жарияланады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, былтыр борышкерлердің мүлкін сатудан бюджетке 1,5 млрд теңге түскен.
Дәулет Ізтілеу
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының түлегі. Бұған дейін "Қазконтент" АҚ e-history порталында тілші, "Елорда инфо" ақпарат порталында тілші болған. 2018 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі.