ОРАЛ. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Бөрлі ауданында 2008 жылы 848 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді, бұл алдыңғы жылғыдан (599 млрд. теңге) едәуір артық,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аудан әкімі Болат Шәкімовтің сөзіне қарағанда, газ өндіру 13 млрд. 542 млн. текше метрге жеткізіліп, 3 пайызға артты. Сондай-ақ 10 млн. 511 мың тонна газ конденсаты, 1 млн. 980 мың текше метр су, 78,7 мың Гкал жылу қуаты, 780,3 млн. кВт/сағат электр қуаты өндірілді.
Аудан экономикасына 121 млрд. 421 млн. теңге инвестиция құйылды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).