Бөрлі ауданының кәсіпкерлері 9,94 млрд. теңгенің өнімін өндірді

None
ОРАЛ. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның Бөрлі ауданы кәсіпкерлері биылғы сегіз айда 9,94 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, қызметін көрсетті, бұл өткен жылғыдан 89,7 пайызға немесе 4,7 млрд. теңгеге артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бөрлі аудандық әкімдігі кәсіпкерлік бөлімінің меңгерушісі Мұқамбетқали Ақтауовтың айтуынша, биыл шағын және орта бизнестен 1 млрд. 153,23 млн. теңге түсім түсті, өткен жылы бұл көрсеткіш 678,4 млн. теңгені құраған еді, өсім 69,9 пайызға жетіп отыр. Бюджетке түсімнің негізгі бөлігі Ақсай қаласындағы кәсіпкерліктің үлесінде. Ауданда 3173 шағын бизнес нысаны тіркелсе, оларда 5600 адам еңбек етеді. Кәсіпкерлердің көпшілігі (1053) сауда саласында 1533 жұмыс орнын ашып, өз ісін жүргізуде. Көлік пен байланыстағы кәсіпкерлік екінші орында (664 нысан, 823 адам). Ауданда жаңа өндіріс пен жұмыс орындары да ашылуда.