ОРАЛ. 21 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - «Нұр Отан» ХДП Бөрлі аудандық филиалының есеп беру-сайлау конференциясы болып, онда атқарылған жұмыстарға баға беріліп, алдағы міндеттер белгіленді.
Аудандық филиал жұмысына аудандық мәслихат хатшысы Ибрагим Ізмағамбетов жетекшілік етіп келеді. Жиында сөйлеушілер есепті мерзім ішінде нақты істер атқарылғанын айтып, партия төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын бірауыздан қолдайтындықтарын білдірді.
Конференцияға қатысқан облыстық мәслихат тексеру комиссиясының төрағасы, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғымдық кеңес төрағасы Самат Оспанов аудандық филиал жұмысын оң бағалап, оның төрағалығына И.Ізмағамбетовтің кандитатурасын ұсынды. Мұны делегаттар бірауыздан қолдады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).