Бұл туралы Гейдар Әлиев әуежайының баспасөз қызметінен хабарлады.
Бахрейннен Мәскеуге ұшқан «Уральские авиалинии» әуе компаниясының Airbus A321 ұшағы дүйсенбі күні Баку уақытымен сағат 14.56-да халықаралық әуежайға сәтті қонды», - делінген хабарламада.
Баспасөз қызметі мәжбүрлі қонуға себеп «әуе кемесі командирінің ұшақ бортында бомба болуынан күдіктенуіне байланысты болды», - деп түсіндірді.
«Лайнер бортында экипаж мүшелерін қосқанда барлығы 225 адам болған. Әуе кемесінің командирі жолаушыларды шұғыл эвакуациялауға шешім қабылдады», - делінген хабарламада.
Әзербайжан мемлекеттік қауіпсіздігі қызметінің баспасөз қызметі ТАСС тілшісіне оқиғаға байланысты әзірге ешқандай деректердің анықталмағандығын мәлім еткен.