"Синьхуа" агенттігіне рейс жолаушыларының айтуынша, бортта өрт болғандықтан, ұшақ қонуға мәжбүр болған.
Ұшақ JS151 «Пхенян-Бейжің» әуе рейсін орындаған. Қытайлық "Чжуняншэ" агенттігінің анықтауынша, "Сяньтао" әуежайының әкімшілігі лайнерді қабылдау үшін барлық қажетті шараны жасаған және ұшақ еш қиындықсыз жерге қонған. Бірақ, әуе кемесін тексергенде ерекше ештеңе байқалмаған.