«Сот төрелігін іске асырудың соңғы кезеңі ретінде мәжбүрлеп орындату процесі тиімді, жедел және әділ болуға тиіс. Бірақ, өкінішке орай өндіріп алушылар өздеріне тиесілі сомаларды уақтылы және толық өндіріп алуға қол жеткізе алмайды», - деді министр.
Оның атап өтуінше, 2021 жылы сот орындаушыларының іс жүргізуінде 9,3 трлн сомасына 7 млн (6,7) атқарушылық және басқа да құжаттар болды. 2,3 млн атқару құжатынан нақты өндіріліп алынған сома 300 млрд теңгегені құрайды.
«Негізгі себептер - заңнаманың олқылықтары мен борышкерлердің төлем қабілетсіздігі. Өткен жылы ғана борышкердің табысының немесе мүлкінің болмауына байланысты өндіріп алушыларға 2,4 трлн теңгеге 608 мың атқарушылық құжат қайтарылды», - деді Қанат Мусин.