Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу қағидалары бекітілді

АСТАНА. 28 наурыз. ҚазАқпарат - Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидалары бекітілді.

«ҚазАқпарат» құжаттың мәтінін таратады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұйрығы № 06-7/32

2013 жылғы 19 наурыз

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 14-бабына сәйкес бұйырамын:

1. Қоса берілген Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

2. Тізілімге сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Агенттіктің Мемлекеттік қызметті өткеру бөлімі (Т.Қ. Жұмағұлов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялау күнінен бастап, бірақ 2013 жылдың 26 наурызынан ерте емес колданысқа енгізіледі.

Төраға Ә.БАЙМЕНОВ.

Қосымшаның мәтіні республикалық БАҚ-та жарияланған.