Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА тілшісі хабарлады.
Жәрмеңкеге 31 мекемеден 85 тұрақты жұмыс орны, 14 мекемеден 35 әлеуметтік жұмыс орындары ұсынылды. Қатысушыларға түйіндеме толтыру бұрышы мен психолог мамандар қызмет көрсетіп, жастар еңбек жасақтарының қызметтері түсіндіріліп, жұмыс іздеушілерге жұмыспен қамту бағытындағы бағдарламалар туралы ақпарат берілді.