Босаған мәслихат депутаттарының орнына үміткерлердің үштен бірі - оқытушылар

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылғы 30 қазанда республиканың 30 сайлау округінде болатын мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау науқанының аясында кандидаттарды тіркеу процесі аяқталды.

Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұған дейін хабарланғандай, босаған депутаттық мандаттарға барлығы 101 үміткер ұсынылды. Сайлау заңнамасына сәйкес тиісті округтік сайлау комиссиялары кандидаттарды тіркеуді келесідей құжаттар ұсынылғанда жүзеге асырды: ниеті туралы өтініш, өмірбаяндық деректер, кандидаттың және оның жұбайының табысы туралы және мүлкі туралы декларацияларды тапсырғаны туралы салық органдарының анықтамалары, кандидаттың 114295 теңге мөлшерінде сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат. Қоғамдық бірлестіктер ұсынған кандидаттар қосымша қоғамдық бірлестіктің жоғарғы органының тиісті сайлау округі бойынша кандидатты ұсыну туралы отырысының хаттамасынан үзіндісін осы қоғамдық бірлестіктің әділет органдарында тіркелгені туралы құжаттың көшірмесімен қоса ұсынуы тиіс», - деді ол.

ОСК хатшысының айтуынша, округтік сайлау комиссиялары мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттар ретінде барлығы 96 адамды тіркеді. Осылайша, қазіргі уақытта мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауда орташа бәсекелестік бір бос депутаттық мандатқа 3-тен аса үміткерді құрайды. Тіркелген кандидаттардың көбі  ер адамдар  79 немесе 82,3 пайыз. Әйелдер  17 немесе 17,7 пайыз. 31-і - Қазақстан Республикасының саяси партияларының мүшелері, 48-і ешбір партияға тіркелмеген, 17-сі  партияға мүшелігін көрсетпеген. Орташа жас  - 41 жас. 83,3 пайызының жоғары білімі, 11,5 пайызының арнаулы орта және 5,2 пайызының  орта білімі бар. Бұл ретте, тіркелген кандидаттардың үштен бірі мамандығы бойынша оқытушылар, 18,8 пайызы - инженерлер, 14,6 пайызы - экономистер, 8,3 пайызы - заңгерлер, 6,2 пайызы - дәрігерлер.

«Қазіргі уақытта кандидаттардың үгіт науқаны басталды, ол 28 қазанда 24 сағатқа дейін созылады. Дауыс беру 2016 жылғы 30 қазанда болады. Осы сәтте мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау науқанын өткізуге байланысты шағымдар мен өтініштер Орталық сайлау комиссиясына келіп түскен жоқ», - деді Мелдешов.