Бұл туралы сәрсенбіде GAC операторы өз сайтында хабарлады.
«Бүгін, 17 тамызда жергілікті уақыт 8.40-та құрғақ жүк таситын кеме мен жағалау күзетінің кемесі соқтығысуы салдарынан Босфор бұғазы бойынша қозғалыс уақытша тоқтатылады», - делінген хабарламада.
Жағалау күзетінің кемесі оқиға салдарынан аударылып кетті. Зардап шеккендер жайлы ақпарат жоқ, деп хабарлайды ТАСС.