Қазылар алқасы ирандық режиссер Парвиз Шахбазидің «Малярия» фильмін: «Үздік сценарий», «Үздік толықметражды фильм» және «Үздік әйел рөлі» номинациялары бойынша жеңімпаз деп жариялады.
Ал режиссер Глауко Фирпоның «Винтовка» атты фильмі «Үздік режиссер» марапатына лайық деп табылды.
Актриса Сагар Ганаат «Малярия» фильміндегі орындаған рөлі үшін «Үздік әйел рөлі» сыйлығына ие болды. «Үздік ер адам» рөлі «Бұлттардың арғы жағында» фильмінде ойнаған Ишаан Хаттарға бұйырды.
Айта кетсек, фестиваль бағдарламасына жалпы алғанда әлемнің 36 елінен 150 картина енді.