Босқын куәлігінің үлгілері бекітілді - ІІМ
13:45, 15 Қаңтар 2011
АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Ішкі істер министрі Серік Баймағанбетов өз бұйрығымен босқын куәлігінің үлгілерін бекітті.
2010 жылы 29 қарашада қол қойылған №498 «Пана іздеген босқынның тұлғасын куәландыратын құжаттың, жол құжатының, тұлға куәлігінің үлгілерін бекіту туралы» бұйрық Әділет министрлігінде 2010 жылы 15 желтоқсанда бекітілді.
Ал құжаттардың үлгілері ресми басылым беттерінде жарияланды.