Босқындар мәселелерін жан-жақты шешу үшін бірқатар заңдарға түзетулер енгізіледі
19:10, 20 Қаңтар 2009
АСТАНА. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Үкіметтен Мәжіліске «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне босқындар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы келіп түсті.
Аталған заң жобасы жуырда Үкімет ұсынған «Босқындар туралы» Қазақстан Республикасы заң жобасының әзірленуіне байлалысты дайындалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Заң жобасында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне, «Халықтың көші-қоны туралы» және «Мемлекеттік атаулы көмек туралы» заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылады.Заңды қабылдау босқындар мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын реттеуге мүмкіндік береді.Заңды жүзеге асыру теріс әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеліп соқтырмайды және қаржылай шығынды қажет етпейді.