Босқындар наразылық мақсатында Лампедуза аралында ғимаратты өртеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бір топ мигрант наразылық білдіру мақсатында Жерорта теңізіндегі италиялық Лампедуза аралында босқындарға арналған лагерьде өрт шығарды. Бұл туралы ТАСС Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Дереккөздің ақпаратынша, жалын босқындарға арналған бір ғимаратты шарпыды. Ешкім жапа шеккен жоқ.