Босқындар проблемасын шешу қаржылық және адами мол ресурстарды қажет етеді - Н.Назарбаев (ФОТО)
Мемлекет басшылары кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Соңғы уақытта әлем өзінің көптеген салаларында, ең алдымен, экономика мен қауіпсіздік мәселелерінде жаһандық өзгерістерге ұшырауы ешкімге де құпия емес. Орын алып жатқан жайт біздің ұйымнан да сәйкесінше дамуды, жаңа жағдайға бейімделуді талап етпей қоймайды. ТМД жаңа болмыстарға эволюцияланып, бейімделуі тиіс, жаһандық өзгерістер мен қатерлерге тиімді әрекет етуі тиіс», - деді ҚР Президенті.
Елбасы өз сөзінде бүгінгі күнгі ТМД ынтымақтастығы қауіпсіздік саласындағы халықаралық жай-күй екенін баса айтты. Халықаралық лаңкестік көптеген елдердегі ахуалға кері әсерін тигізіп, бейбіт халықтың, әсіресе жастар мен балалардың өліміне түрткі болып отырғанын атап өтті.
«Мұның нәтижесінде Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең ауқымды мәжбүрлі көші-қон, Солтүстік Африка мен Таяу Шығыс халқының Еуропаға ауа көшуіне әкелді. Бұл проблеманы шешу жолында мол қаржылық және адами ресурстар қажет етіледі. Бұған қоса, босқын атын жамылған лаңкестер де болуы мүмкін. Олардың мақсаты тұрақсыздық ошағын қалыптастыру болып саналады», - деді Елбасы.
ҚР Президенті ТМД Мемлекеттерінің басшылары қауіпсіздікке төнетін лаңкестік қатердің алдын алу үшін тиімді шаралар қабылдау қажеттігіне ден қоятындығын атап өтті.
«БҰҰ мінберінен атап өткенімдей, Біріккен Ұлттар Ұйымының мақұлдауымен Дүниежүзілік лаңкестік ұйымдармен күрес желісін құру қажет. Біздерге бұл бағыттағы жұмыстарды күшейту, ТМД антитеррористік орталығының әлеуетін барынша пайдалану қажет. Сондықтан да ТМД Мемлекет басшыларының Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылғанына 70 жыл толуына орай халықаралық лаңкестікпен күрес туралы мәлімдемесі бүгін дер уақытында қабылданды», - деді Н.Назарбаев.