Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлім етті.
«Босқындар туралы» Заң күшінен енгеннен бастап, ҚР Сыртқы істер министрлігі мен ҚР-дағы БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғары Комиссары басқармасы (БЖКБ) арасындағы келісімге сәйкес, ҚР БҰҰ БЖКБ-да тіркелген баспана іздеуші және мандаттық босқындар тізімі Көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің қарауына берілді. 2010 жылдың мамырынан Алматы қалалық департаменті құжаттарды тіркеуді бастады.
Бүгінгі күні ҚР БҰҰ БЖКБ ұсынған тізімге сәйкес, барлығы 114 отбасы (336 адам) тіркеуден өтті. Оның сыртында Департаментке хабарласпаған, мекен-жайлары осы күнге дейін анықталмаған мандаттық босқын дәрежесіне ие 10 отбасы (22 адам) және баспана іздеуші 6 отбасы (10 адам) бар. Сонымен бірге, Көші-қон департаментіне өз еркімен хабарласқан 32 отбасына (103 адам) бекітілген заңдарға сәйкес куәліктер мен Алматы қаласында тіркелу үшін жолдамалар берілді.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың өткен маусым айында құқық қорғау органдары өткізген «Мигрант» іс-шарасы барысында 29 адам ұсталып, олардың 28-і Департаментке баспана іздеушілер ретінде тіркелді.
Еңбек министрлігінен мәлім еткендей, ұсталған адамдардың мәртебесін анықтау бойынша шешім қабылдау жұмыстары әлі аяқталған жоқ. «Әділ шешім қабылдау үшін Департамент өз жұмысын БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғары Комиссары басқармасымен тығыз байланыста жүргізіп отыр. Барлық шешімдер халықаралық құқық қорғау органдарының форматына сәйкес қабылданатын болады», деп атап өтті министрліктен.
Аталған жұмыстар барысында қолданыстағы заңдылықтардың қатаң сақталуы, әсіресе, Департаментке өз өтініштерімен хабарласқан және шет елдерде қылмыстық іс жасағаны үшін құқық қорғау органдарымен ұсталған азаматтардың құқықтарының қорғалуына, оларға зорлық көрсетпеуге басты назар аударылуда. ҚР БҰҰ БЖКБ мен азаматтардың құқығын қорғау бюросы өкілдерінен құрылған көшпелі комиссияның қорытындысы бойынша, Алматы қаласының ҰҚК-нің уақытша тергеу орындарында отырған азаматтардың жағдайы қанағаттанарлық, олардан ешқандай шағымы жоқ. Өтініштердің қаралуы БАҚ және құқық қоғау органдары үшін айқын, әрі ашық.