Босқындар Ұлыбританияға Ла-Манш бұғазы арқылы ағылуда

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Франциядан Ұлыбританияға бет алған босқындар Корольдікке жетудің тағы жаңа жолын тапты. Ла-Манш бұғазын жүзіп өтіп, Британияға жетпек болғандардың саны күн санап артып барады. Бұл туралы 24.kz телеарнасы хабарлады.

Sky News басылымының жазуына қарағанда, оған екі ел арасын жалғайтын еуротуннель мен порттардағы күзеттің күшеюі себеп болған. Алайда Корольдік басшылары заңсыз босқындардың нөпірін тоқтату үшін қосымша қаржы бөліп, Ла-Манш бұғазындағы шекара бақылауын барынша күшейтуге ниетті.

«Ла-Манш бұғазын Жерорта теңізімен салыстыруға болмайды. Мұнда ауа райы құбылмалы әрі өте қауіпті. Суы да салқын. Егер босқындар мінген қайық аударылып қалса, адамдардың аман қалуы екі талай», деп алаңдайды Аймақтық теңізді бақылау қызметінің өкілі Жером Перес.