Босқындарға байланысты Хорватия Сербиямен арадағы шекараны жапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Толассыз ағылған босқындарға байланысты Хорватия Сербиямен арадағы шекаралық 8 өткізу бекетінің жетеуін жапты, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.

Сонымен қатар, екі ел арасындағы барлық жолдар да жабылды. Бұған дейін Хорватия билігі шекара арқылы еуропаға өткісі келетін босқындар ағынына тоқтау қоятынын мәлімдеген болатын. 23 қыркүйек күні Еуропалық одақтың жедел саммиті өтіп, мигранттар тақырыбы қозғалады.