Сараевода көшеге мыңдаған адам шығып, олар полиция қызметкерлеріне тас және қолдарына іліккен заттарды лақтырды. Сонымен бірге Президент сарайына, автокөліктерге және қала орталығындағы үйлерге өрт қойды. Бұған жауап ретінде полицей қызметкерлері көзді жасаурататын газ, резеңке оқ және суатқыштар қолданды.
Елдегі наразылық бірнеше күнге созылуда. Қарсылық білдірушілер ел үкіметінің экономикалық саясатына өкпелері «қара қазандай». Әсіресе, қоғам наразылығын халықтың басым көпшілігі жұмыс істейтін мемлекеттік зауыттардың жабылуы туындатты.