Елдегі атқарушы биліктің жоғарғы органдарына басшылар сайланып, олар босниялық мұсылмандардың, серб және хорваттардың мүдделерін қорғауға атсалыспақ. Сондай-ақ, осы науқан кезінде Серб Республикасының президенті мен вице-президенті сайланбақ.
Орталық сайлау комитетінің мәліметінше, аталған додада 50 саяси партия, 24 коалиция мен 20 тәуелсіз үміткер бақ сынайды. Олар сайлау алдында бір ай бойы жүргізген үгіт-насихат жұмыстары кезінде бірін-бірі елдегі жемқорлық пен қылмыстың өршуіне айыпты деп кінәлаған.
Босния және Герцеговинадағы ұлтаралық шиеленістің кесірінен болған 90-жылдардағы соғыстың ауыр салдарынан ол осы кезге дейін Еуропадағы ең кедей елдің қатарында келеді.