24sata.hr хабарлауынша, 51 жастағы қақпашы Душко Крталица оқ тигенін байқамай ойынды ары қарай жалғастырған. Дегенмен, ойын барысында басының ауыра бастағанына қарамастан қақпаға тек 1 гол жіберген ол матчтың соңына дейін шыдаған. Ойын аяқталғаннан кейін басының ауырғаны үдей түсумен қатар, сол жақ қолы жансызданған Крталица дәрігер көмегіне жүгінуге мәжбүр болды. Шұғыл арада ауруханаға жеткізілгеннен кейінгі рентгендік тексеру барысында басынан оқ табылып, алынды.
Ойын болып жатқан кезде көрші ауылда үш үйлену тойы қатар өтіп, қонақтар үздіксіз оқ атқан көрінеді. Сондай қаңғыған оқтардың бірі қақпашыға тиюі мүмкін деген жорамал айтылуда. Тіпті, полиция қызметкерлері абайсызда Крталицаны атқан азаматты ұстаған да көрінеді.