Ален Папач асқазаны қатты ауырғаннан кейін рентгенге түскен кезде ағзасында бөтен заттың барын білген. Атап айтқанда, қайшы ер азаматтың денесінде тоғыз жыл бойы болған. Қайшыны алып тастау бойынша ота екі жыл бұрын жасалған екен, алайда осы уақыт ішінде зардап шегуші дәрігерлердің қателігінен ауруханадан өтемақыны төлете алмай келген. Енді ол медициналық мекемемен соттасуға бел буып отыр.
38 жасар Папачтың айтуынша, 2003 жылы асқазанның ойық жарасына жасалған отадан кейін, ол жанға бататын ауру ұстамаларынан зардап шеккен.
Бұдан кейін ол тексерілген кезде, дәрігерлер асқазандағы 12 сантиметрлік қайшыны анықтады. Осыдан соң ағзадағы бөтен затты алып тастау бойынша операция жасалды.
Алайда, бұндай дәрігерлік қателікке жол берілуіне қарамастан, аурухана басшылығы Папачқа материалдық өтемақы төлеуден бас тартқан көрінеді, деп жазады шетелдік БАҚ.