61 жастағы Драган мен 65 жастағы Драгица Марич түсіндіргендей, өздерін жерлейтін балалары болмағандықтан, оны өздері ұйымдастырмақшы болып шешкен. Бір жағынан ас беру рәсімінде олар достарын, туыстарын көріп, арқа-жарқа болып қалды. Поездина ауылындағы зиратта өткен рәсімге барлығы 200-дей адам келген.
Жерлеу рәсімінде Драган ұзақ жылдар әйелімен бақытты өмір кешкенін айтты, одан кейін жиналған жұрт жақын жердегі мейрамханаға барып, түні бойы ән айтып, би билеп, көңіл көтерді.