Бостандық ауданы әкімінің жаңа жылдық шыршасы өтті

АЛМАТЫ. Желтоқсанның 24-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыдағы  Балалар шығармашылық үйінде Бостандық ауданы әкімінің жаңа жылдық шыршасы өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен өткен шыршаға көп балалы және жағдайы төмен отбасылар мен жетім балалар және ауданның оқу озаттары  шақырылған.

«Ел болашағының негізі болып табылатын жас бүлдіршіндеріміз тәуелсіз Қазақстанның байрағын көкке желбіретер, денсаулығы мықты патриот азамат болып өсуіне жағдай жасау біздің борышымыз. Жаңа жылдық мереке балалардың асыға, шынайы ғажапты, сыйлықтарды күтетін мереке. Сондықтан біз, осы мерекеге орай көмегімізді аямай, жылы лебіздерімізді білдіріп, сыйлықтарымызбен қуантқымыз келеді» деді  Бостандық ауданының әкімі Зәуреш Аманжолова.

Жаңа жылдық шыршада ауданда орналасқан аула клубтарының шығармашылық топтары өнер көрсетті. Шырша соңында жас бүлдіршіндерге әртүрлі сыйлықтар тарту етілді.