Бостандықты бағалаудан, азаттықты ардақтаудан, Тәуелсіздікті тәу етуден артық ешбір бақыт жоқ-Президент

None
АСТАНА. 15 желтоқсан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бостандықты бағалаудан, азаттықты ардақтаудан, Тәуелсіздікті тәу етуден артық ешбір бақыт жоқ. Бұл туралы бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған салтанатты жиналыста Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Бостандықты бағалаудан, азаттықты ардақтаудан, Тәуелсіздікті тәу етуден артық ешбір бақыт жоқ. Тәуелсіздік тәуекел еткеннің ғана тағдырына бұйыратын бақыт. Егемендік алу оңай емес. Ал еңсесін тіктеген ел болу одан да қиын»,-деді Президент.

«Біздің алдымызда Тәуелсіздікті қорғау, татулықты сақтау, тұрақтылықты орнықтыру сияқты аса күрделі тарихи істер тұр. Мыңжылдықтар тоғысқан алмағайып кезеңде мемлекет құру, ел болу міндеті бізге жүктелді. Келер ұрпақ алдындағы бұл ұланғайыр істерді абыроймен атқарып шықтық. Дүниежүзі тарихында ешбір мемлекет азаттығының алғашқы 20 жылдығында осынша қарқынды өрлеу үлгісін көрсете алған емес. Ол Қазақстанның сөзсіз мойындалған дара даму даңғылының айқын көрінісі»,-деп түйіндеді Н. Назарбаев салтанатты жиналыс барысында.