Бостон полициясы: Джохар Царнаев - ауруханада

None
АСТАНА. 21 сәуір. ҚазАқпарат - Бостон полициясы осы қалада өткен марафон кезінде болған жарылысты жасаушы деген күдікке ілінген Джохар Царнаев қамауда отырғанын мәлімдеді,

деп хабарлайды «Азаттық».

20 сәуір күні таң ата жеткен хабарлар бойынша жұма күні кеш бата жергілікті полиция Бостонның шетінде болған аз-кем атыстан кейін 19 жастағы күдіктіні тірідей қолға түсірген.

Бостон полициясы Twitter-де "Күдіктіні іздеу операциясы аяқталды. Қауіп-қатерден адамыз. Әділет үстемдік құрды. Күдікті - қамауда" деп жазды.


Кейбір мәліметтер бойынша, күдікті Уотертаун қаласындағы бір үйдің артқы ауласында тұрған қайықтың ішінде жасырынып жатқан.

Үйдің иесі полицияға әуелі қайыққа жұққан қанды, сосын оның ішінде жатқан күдіктіні көргенін хабарлаған.

Күдіктінің ағасы Тамерлан Царнаев 18 сәуір күні полициямен болған атыс кезінде оққа ұшқан еді.

15 сәуір күні марафон кезінде болған жарылыстан 3 адам өліп, 176 адам жарақат алған.

Бұл - 2011 жылғы 11 қыркүйектен бері АҚШ-та болған алғашқы ірі теракт.

АҚШ үкіметінің өкілі 2011 жылы белгісіз бір шетелдік үкіметтің өтініші бойынша ФБР Тамерлан Царнаевпен сөйлескенін, бірақ күдікті ештеңе байқамағанын хабарлады.

Ағайынды Царнаевтар ресейлік шешендер болып шықты. Олардың немере ағасы Руслан Царни екі жігіттің АҚШ-та соңғы оншақты жыл бойы тұрып жатқанын айтқан.